ШҚО-да түнгі уақытта көше кезген 98 жасөспірім анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында түнгі уақытта көше кезген 98 жасөспірім анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері өңір бойынша «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасын бастады. Мұндағы мақсат – кәмелеттік жасқа толмағандардың алкоголь, есірткі және психотропты заттарды тұтыну фактілерін анықтау, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу.

«Шараның алғашқы күнінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 121 бала полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ювеналды полиция қызметкерлері бала тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған 17 ата-ананы анықтады. Қазіргі уақытта облыстағы ішкі істер органдарында 309 жасөспірім мен 655 қолайсыз отбасы есепте тұр», - деді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасаған 13, алкогольді ішімдік ішкен 12, түн кезінде көше кезген 98 жасөспірім анықталды. Айта кетейік, «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы 19 қыркүйекке дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар