ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген 6 өзбекстандық ел аумағынан шығарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы аумағында заңсыз жұмыс істеген 6 өзбекстандық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында өңір аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарын тексеруде.

«Соның нәтижесінде, Үржар ауданы Бақты ауылында заңсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының 6 азаматы анықталды. Олар уәкілетті органның рұқсатынсыз Көлік жуу орнының құрылысымен айналысқан. Қазіргі уақытта шетелдіктер ҚР ӘҚБК-нің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өзбекстандықтарды қабылдаған азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар