+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды

2021 жылғы 27 қаңтар 14:22
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап кетті Автобус пен жеңіл көлік соқтығысы: 7 жастағы балаға ота жасалады

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға Шемонаиха ауданындағы «Өскемен-Шемонаиха-РФ» тасжолының 88-ші шақырымында болған. Шемонаиха қаласынан Өскеменге қарай жолға шыққан «КамАЗ 5320» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Рулиха ауылына қарай бұрылатын жерде «ВАЗ 2112» маркалы көлікпен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2112 автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі және үш жолаушысы (31 жастағы әйел мен 29 жастағы екі ер адам) оқиға орнында мерт болды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT