ШҚО-да жастарды жұмыспен қамту үшін қандай шаралар атқарылуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жастарды жұмыспен қамту үшін бірқатар шаралар атқарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері өңірде NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру бойынша арнайы жоба жүзеге асырылуда. NEET санаты дегеніміз - оқу оқымайтын, жұмыс істемейтін және өз біліктілігін арттырмайтын жастар.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының мәліметі бойынша бұл санаттағы жастарды 4 топқа жатқызуға болады. Атап айтқанда, жұмыссыздар, үй шаруашылығын жүргізумен айналысатындар, жұмыс немесе оқу іздеп жүрмеген белсенділігі төмен жастар және жұмыс істеу мүмкіндігі бар мүгедек адамдар. Биыл қалалар мен аудандардағы жастар ресурстық орталықтары NEET санатындағы жастардың сапалық-сандық көрсеткіштерін анықтау мақсатында үйлерді аралап шықты», - дейді ШҚО ішкі саясат басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Еркебұлан Балтабеков.

Нәтижесінде жастардың жеке деректерін, тұрғылықты жерін, білімі мен отбасы жағдайын көрсете отырып, әлеуметтік карталар жасалды. Үйлерді аралау арқылы анықталған жастар арасынан 800 адам сауалнамадан өтіп, әлеуметтік зеттеуге қатысқан.

«Соның қорытындысы бойынша NEET санатындағы 800 адамның 40,3% жұмыссыз болып шықты. Олардың жұмыссыз болуының басты себептерінің бірі - жұмыс іздеуге деген ниеттің жоқтығы емес, жоғары жалақысы бар лайықты жұмыстың болмауы. Аталған санаттағы жастар біздің басты назарда», - дейді Е.Балтабеков.

Айта кетейік, осы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңірде NEET жастарының саны - 5,8% құрап отыр. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейден айтарлықтай төмен (ҚР бойынша - 6,7%). Ал жастар жұмыссыздығының деңгейі - 3,4%-ды құрап отыр.


Соңғы жаңалықтар