ШҚО-да жолда қалған қарағандылық жүргізушіге көмек көрсетілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жолда қалған қарағандылық жүргізушіге көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Өскемен-Риддер» тасжолының 97-шақырымында жүк көлігі қар құрсауында қалған. Осы учаске маңында тәртіп сақшылары Қуаныш Маушанов пен Сырым Алтайұлы патрульдеп жүрген. Олар бірден көмекке келді.

«Полицейлер Қарағанды қаласының тұрғынына көмек көрсетіп, жолды қардан тазалайтын мекеме жұмысшыларын шақырды. Көп ұзамай жүк көлігі қардан шығарылған. Өз кезегінде жүргізушісі полицейлерге өз алғысын білдірді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда құр құрсауында қалған 6 адамның құтқарылғандығы туралы хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар