+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

ШҚО-да ЖРВИ-мен ауырғандар саны 80 мыңға жуықтады

2021 жылғы 24 қараша 18:07
Бөлісіңіз:
ШҚО-да ЖРВИ-мен ауырғандар саны 80 мыңға жуықтады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл ЖРВИ-мен ауырғандар саны 80 мыңға жуықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО: 3,5 млн теңге қарызы бар адам Алматы облысынан табылды Өскеменде көшеде ер адамды бірнеше жерден пышақтап кеткен ВАК отырысы: Ералы Тоғжанов омикрон штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жыл басынан бері жіті риспираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар саны 79 406 адамды құрап отыр. Оның жартысына жуығы – балалар.

«Жалпы аймақ бойынша ЖРВИ-ге шалдыққан адам саны жағынан Өскемен қаласы алдыңғы орында тұр. Шаһарда 40 388 науқас тіркелген. Ал ең төменгі сатыдағы Тарбағатай ауданында – 15 тұрғын жіті риспираторлық вирустық инфекциямен ауырды», - делінген ақпаратта.

Ведомство өкілдерінің дерегінше, өткен жылмен салыстырғанда аталған инфекциямен сырқаттану деңгейі 1,2 есеге артып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT