-
ОНЛАЙН:
ШҚО-да жыл басынан бері 40-қа жуық көлік өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында осы жылдың басынан бері 40-қа жуық көлік өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде бір күн ішінде екі көлік өртенді. Алғашқы оқиға Риддер қаласында тіркелген.
«1998 жылғы «Lexus RX 300» автокөлігін жалын шарпыды. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жалпы аумағы 2,5 шаршы метрге жеткен тілсіз жауды ауыздықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан немесе қасақана өртеуден болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Семейде жеке тұрғын үй ауласында тұрған 1997 жылғы «Subaru Legacy» автокөлігі отқа оранды. Жалпы аумағы 6 шаршы метрді құраған жалын көліктің қозғалтқыш бөлігіне, салонға және алдыңғы дөңгелектерге жайылған. Өрттің шығуына қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқару себеп болды.
ТЖД дерегінде, жыл басынан бері өңірде 38 көлік өртенген.
- Алматы тауларында адасып кеткен 4 турист құтқарылды
- Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
- БҚО-да жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген аудан әкіміне сөгіс жарияланды
- Алматы облысында көлік қаққан оқушының екеуі ес-түссіз жатыр
-
Қарағандыда көпқабатты үйдің дәлізінен екі айлық нәресте табылды
-
Нигерияда қарулы топ 50 адамды ұрлап кетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам