ШҚО-да жылжымайтын мүлік орталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы жылжымайтын мүлік орталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына Тарбағатай ауданының 60 жастағы тұрғыны хабарласқан. Өз сөзінде ол 2020 жылдың қазан айында жылжымайтын мүлік агенттігі кеңсесіндегі белгісіз әйел адамның ипотекалық бағдарлама бойынша пәтерді ресімдеуге көмек көрсететіндігін айтып, 3 786 000 теңге ақша сұрағанын жеткізді.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері жылжымайтын мүлік агенттігінің 31 жастағы директорын ұстады. Қазіргі уақытта оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деп хабарлады ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- Атырауда 8-сынып оқушысын ұрған жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Семейде Ядролық медицина орталығы ашылды
- ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 13 адам жауапқа тартылды
- Қарағанды полицейлері Қызыл кітапқа енген жануарлардың 274 мүйізін тәркіледі
-
ШҚО-да құтқарушылар тауда аяғын сындырып алған адамға тікұшақпен көмекке келді
-
ШҚО-да жоғалған 5 жасар бала табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам