ШҚО-дағы дала өртіне байланысты сот сараптамалары тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы дала өртіне байланысты сот сараптамалары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов мәлім етті.

«Полиция қызметкерлері 10 мамырда шыққан алапат өртке байланысты ҚР ҚК-нің 204-бабы 2-бөлігіне сәйкес (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Аталған бап бойынша 2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Күдікті ретінде бұрын сотты болмаған, 35 жастағы Риддер қаласының тұрғыны ұсталды . Оның абайсыздығы осындай ауыр салдарға әкеп соқты», - деді ол.

Полиция департаментімен құрылған арнайы жедел-тергеу тобының қызметкерлері бейнежазбаларды зерделеп, куәлардың жауаптарын мұқият тексеруде. Сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалған.

Қылмыстық істі тергеу ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.


Соңғы жаңалықтар