ШҚО-дағы фтизиопульмонология орталығында жыл сайын 400-ге жуық операция жасалады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонология орталығында жыл сайын 400-ге жуық операция жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, туберкулезді емдеуде хирургиялық әдістің маңызы зор. Кейде бұл - аурудан сауығып шығудың жалғыз жолы болады. Облыстық фтизиопульмонология орталығында жыл сайын туберкулезді диагностикалау және емдеу үшін 400-ге жуық хирургиялық операциялар мен манипуляциялар жасалады.

Орталық хирургтары тек өкпе туберкулезін ғана емес, сонымен қатар тері, ішек туберкулезіне сәтті ота жасай біледі. Соңғы бес жылда туберкулезді диагностикалау және емдеу үшін қақырықты зерттеудің жаңа әдістері енгізілді.

40 жыл осы салада тер төгіп келе жатқан Сағи Қожабаев ота үстелінде мыңдаған сағатын өткізіп, жүздеген адам өмірін сақтап қалған. Орталық хирургтері Болат Еңшібеков, Расул Қадырұлы, Ернұр Базаров оның шәкірттері. Сондай-ақ 20 жылдан астам уақыт бойы Гүлмира Тоқтарханова мен Ләйлә Бәкішева фтизиопульмонологиялық орталықтың терапевтік бөлімінде науқастардың өмірі мен денсаулығы үшін күресіп келеді», - делінген хабарламада.




Соңғы жаңалықтар