ШҚО-дағы өрт: 283 гектар аумақ отқа оранған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігі әуеден жүргізген бақылау негізінде Риддердегі орман өртінің аумағын қайта нақтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

«Сағат 07.30-да барлау жүргізу және өрт алаңын нақтылау үшін «Қазивиаорманкүзетінің» тікұшағымен әуеден қабылау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша өрт алаңы – 283 гектар болып нақтыланды», - деді ол.

Ресми өкіл өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының 493 қызметкері, 69 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылғанан еске салды.

«Күштер мен құралдарды бірыңғай басқаруды ұйымдастыру үшін өрт орнында құрамында орман қорғау мекемесі, төтенше жағдайлар департаменті мен Риддер қаласы әкімдігінің өкілдері бар өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, министрлік пен жергілікті департаменттің дағдарыс орталықтарында жедел штабтар құрылды. Вице-министр Марат Күлдіков бастаған жедел топ өрт орнында жұмыс жүргізуде», - дейді Талғат Уәли.


Естеріңізге сала кетсек, 10 мамыр күні ШҚО-дағы Риддер орман шаруашылығында өрт шықты. Дала өрті 310 гектар аумақты шарпып, 1 адам қаза тапты. Өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды.

Мемлекет басшысы Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне Риддер қаласының Лесхоз кентіндегі орман өртінің алғашқы ықтимал себептерін атады.

ҚР Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Соңғы жаңалықтар