+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

ШҚО-дағы шекаралық ауылдарға жоғары жылдамдықты интернет тартылады

2021 жылғы 11 ақпан 11:42
Бөлісіңіз:
ШҚО-дағы шекаралық ауылдарға жоғары жылдамдықты интернет тартылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы бірқатар ауыл тұрғындары 4G технологиясы бойынша мобильді интернетпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында шекаралық қоршаулар қайта алынып тасталды Қараша айында Тарбағатайда суға кеткен 20 жастағы балықшының денесі табылды ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 13 адам жауапқа тартылды

Бұл туралы Тарбағатай ауданының әкімі Асхат Смаилов есеп беру кездесуінде айтты. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиынға ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен аудан тұрғындары онлайн форматта қатысты.

Көп жылдар бойы Тарбағатай ауданындағы шекаралық ауылдар тұрғындары үшін интернет сапасы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болған.

Аудан әкімінің айтуынша, осы мәселе оң шешімін табу үшін бүгінде ауылдарға байланыс орнату жұмысы қарқынды жүріп жатыр.


«Өткен жылдың I тоқсанында кең жолақты шыны-талшықты интернет байланыс жүйесі Тарбағатай ауданына қарасты 11 елді мекенге тартылды. Жалпы ұзындығы 260 шақырымды құрайтын кабель 8 ауылдық округтің әкімшілік ғимаратына, 8 емханаға, 8 учаскелік пунктке және 19 мектепке орнатылған. Алдағы уақытта осы ауылдардың тұрғындары 4G жүйесімен қамтамасыз етіледі. Жалпы өткен жылы осы мақсатта 543 млн теңге бөлінген. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табады», - деді аудан әкімі.

Жиынға қатысқан аймақ басшысы Даниал Ахметов аудандағы коронавирус инфекциясының алдын алу шараларына оң баға берді.

«Пандемия басталғалы бері аудан бойынша вирус жұқтырған 559 адам тіркелген. Соңғы уақытта бұл көрсеткіш мүлде азайды. Бұл аудандағы індеттің алдын алу шарасы мен медицинасының сапасын көрсетеді. Өткен жылы Ақсуат ауылындағы ескі аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатынмын. Сондай-ақ Ақжар ауылындағы №2 аудандық аурухана ғимаратының лифтісі 18,2 млн теңгеге, Ақсуат ауылындағы аудандық аурухананың жылу қазандығы 37,6 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Ауруханаларды заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 244 млн теңгеге 22 медициналық жабдықтар сатып алынып, ауданға 9 жедел жәрдем көлігі берілді», - деді облыс әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT