ШҚО-дағы жол апаты: 1 адам қаза тауып, 3 адам зардап шекті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы тасжолда келе жатқан көлік аударылып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 6 тамыз күні сағат 16.00-де Ушанов ауылына кіреберісте орын алған.

«Daewoo Nexia көлігін мас күйінде айдап келе жатқан 36 жастағы ер адам рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік электр бағанасына соғылып, аударылып кетті. Жол-көлік оқиғасынан ауыр жарақат алған 54 жастағы әйел сол жерде көз жұмған. Зардап шеккен 3 жолаушыға амбулаторлық ем тағайындалды», - делінген ведомство мәліметінде.

Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Десе де полиция қызметкерлері оны көп ұзамай қолға түсірді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен және 347-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар