ШҚО экономикасына 547 млрд теңге инвестиция салынды - Даниал Ахметов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдің даму деңгейіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыртқы факторлардың ықпалына және пандемияның таралуын шектеу шараларына қарамастан, облыста әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталып отыр. Жыл басынан бері облыс экономикасын дамытуға 106,5 проценттік өсіммен 547 млрд теңге инвестиция салынды. Құрылыс жұмыстарының көлемі жүз 125,4 пайызға ұлғайды. 116,7 проценттік өсіммен 316 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің қарқыны 112 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында 100,3 пайыз жалпы өсім сақталды.

«Мемлекеттік бюджетке түсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102 пайызға, ал жергілікті бюджетке – 120 пайызға процентке артты. Халықтың ақшалай табысы 109,4 пайызға, орташа айлық жалақы 120 пайызға, жеке тұлғалардың депозиттері 111 пайызға немесе 46 млрд теңгеге өсті. 24 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан аспайды», - деді Д. Ахметов.


Соңғы жаңалықтар