ШҚО құтқарушылары жолда қалған автобус жолаушыларын эвакуациялады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары дөңгелегі жарылып жолда қалған шағын автобус жолаушыларын эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Ақсуат-Ақжар» тасжолындағы Бакей учаскесінің аумағында келе жатқан шағын автобустың 2 бірдей дөңгелегі жарылып қалған. Шағын автобус ішінде 11 жолаушы болды.

«Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жетті. Олар 8 адамды Ақжар ауылына дейін жеткізіп тастады. Ал 3 азамат көлік дөңгелектерін ауыстыру үшін сонда қалған», - делінген хабарламада.

Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын жіті тексеру қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар