+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

ШҚО: Мас азамат «коронавирус жұқтырдым» деп дәрігерлерді әбігерге салған

2020 жылғы 26 наурыз 15:01
Бөлісіңіз:
ШҚО: Мас азамат «коронавирус жұқтырдым» деп дәрігерлерді әбігерге салған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны «1406» call-орталығына хабарласып, коронавирус жұқтырғанын айтқан. Тексере келе оның сөзі жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында 12 адамның коронавирусты қайдан жұқтырғаны анықталды Италияда коронавирусты жұқтырған тағы 3 039 адам анықталды 23:40-тағы ахуал: Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған тағы 12 адам тіркелді

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам 25 наурызда тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа қоңырау шалған. Ол операторға жуықта Таиландттан келгенін, өзінде ЖРВИ белгілері бар екендігін айтқан.

«Дереу жеткен мамандар 39 жастағы тұрғыннан вирустық инфекцияның белгілерін байқамады. Дені құлан-таза сау азаматтың ішімдік ішіп алғаны белгілі болған. Сондай-ақ тексеру кезінде өскемендіктің шетелге шықпағаны анықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жалған мәлімет бергені үшін ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT