ШҚО-ның 3 қаласы «қызыл» аймаққа кірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Семей және Аягөз қалалары коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімдігінде өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында Өскемен, Семей және Аягөз қалаларында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбейіп кеткені туралы сөз етілді. Осыған байланысты карантиндік шектеулер қатаңдатылмақ. Қазіргі уақытта аталған 3 қала да «қызыл» аймаққа енген.

Облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғытовтың айтуынша, қауіпті дертке шалдыққандар санын азайту үшін вакцинация шараларын күшейту қажет.

«19 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде 48 556 адамға вакцина салынды. Жалпы Шығыс Қазақстанда 380 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. Алдағы бірнеше айда облыстың 747 мың тұрғынына вакцина егілетіні жоспарлануда. Бұл, аймақ халқының 53% құрайды», - деді ол.

Еске салайық, 2021 жылдың 20 сәуіріндегі жағдайы бойынша: «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары орналасқан.

«Жасыл аймақта» Қостанай мен Түркістан облыстары еніп отыр.


Соңғы жаңалықтар