ШҚО-ның Ұлан ауданына жаңа әкім тағайындалды
Жаңа әкімді аудан активіне аймақ басшысы Даниал Ахметов таныстырды.
Ренат Тілеуханұлы 1980 жылы 25 қаңтарда Катонқарағай ауданында дүниеге келген. «Инженер-педагог» және «заңгер» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 1998 жылы Катон-Қарағай ауданы, Жаңауыл орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Мемлекет қызметті 2003 жылы Катонқарағай ауданының жастармен жұмыс жөніндегі мәдениет бөлімінің бас маманы лауазымында бастаған.
2005-2008 жылдары Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру-кадрлық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2009 жылы Шығыс қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болды. 2011 жылы Катонқарағай ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдан 2019 жылға дейін Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы, сондай-ақ әкімнің орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін Катонқарағай ауданының әкімі болып қызмет етті.