ШҚО полицейлері бір күн ішінде 7 млн теңгенің айыппұлын өндірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бір күн ішінде тәртіп сақшылары 40-тан астам автокөлікті мамандандырылған тұраққа қойды.

Шара барысында полицейлер шетелде тіркелген көлікті тоқтатқан. Рульде 22 жастағы жүргізуші отырды. Тексеру кезінде аталған автокөліктің өтелмеген 1 млн 300 мың теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұлы бар екені анықталды. Ер адам көлікті бірнеше күн бұрын Семейде нарықтық бағадан төмен сомаға сатып алғанын, оның өтелмеген қарызы барын білмегенін айтты.

«Рейдтің тек бірінші күнінде жалпы сомасы 7 млн 649 мың теңгені құрайтын 677 әкімшілік айыппұл өндірілді. Осы ретте, өңір жұртшылығына заңнамада борышкерлердің әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын қысқартылған өндірістік тәртіпте төлеу құқығы көзделгені туралы ескертеміз», - деді ШҚО Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.

Әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіруді болдырмас үшін департамент өкілдері айыппұлдарды уақтылы төлеуге, сондай-ақ автокөлік сатып алған кезде барлық базалар бойынша жіті тексеру жүргізуге кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар