ШҚО полицейлері көлігі жыраға түскен жүргізушіге көмектесті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері көлігі жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен жүргізушіге көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға «Үлкен Нарын-Күршім» тасжолындағы Свинчатка ауылының маңында болған. Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің сақшылары жол жиегіне түскен «LAND ROVER DISCOVERY» көлігін байқап қалды.

«Анықталғандай, көлік көктайғақтың салдарынан жолдан шығып кеткен. Рульде Алтай қаласының тұрғыны отырды. Ол Үлкен Нарын су қоймасынан келе жатқан», - делінген хабарламада.

Полицейлер көлікті жырадан шығарды. Өз кезегінде жүргізуші көмек көрсеткен сақшыларға ризашылығын білдірді.


Соңғы жаңалықтар