+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

ШҚО тұрғындарына су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді

2021 жылғы 15 сәуір 16:19
Бөлісіңіз:
ШҚО тұрғындарына су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар өңір жұртшылығына су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да полицияға қару тапсырған тұрғындар 10 млн теңгеге жуық сыйақы алды Алматы тауларында қауіпті 8 мориналды көл бар Қазақстанда білім беру объектілеріне кіруді бақылау күшейтілмек

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен «Қызыл ай» қоғамы облыстық филиалының еріктілері бірлесіп, су тасқыны қаупі бар ауыл тұрғындары үшін төтенше жағдай кезінде әрекет ету ережелері туралы шеберлік сағатын өткізді.

«Арнайы ұйымдастырылған семинарда Веселовка кентінің халқына су басқан кезде қауіпсіз орындарды анықтауды және арнайы манекеннің көмегімен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің дағдыларын үйретті. Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезінде әрбір әрекетті алдын ала жоспарлау қажеттігі түсіндірілді. Шеберлік сағатын ұйымдастыруға жергілікті атқарушы орган өкілдері қолдау танытты», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар шара барысында департамент құтқарушылары елді мекенге арнайы әкелінген мотопомпамен су сору жұмыстарының қалай жүргізілетінін, арнайы жабдықтардың қалай қолданылатындығын көрсетті. Осындай шеберлік сағатын Шығыс Қазақстанның 10-ға жуық ауылында өткізу жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT