ШҚО тұрғыны 49 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 49 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрып жатқан азаматтарды табу бойынша жұмыс жүргізуде. Соның нәтижесінде, Семейде 49 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген ер адам анықталды.

«Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты еш уақытта алмағанын, тіпті туу туралы куәлігі де болмағанын жеткізген. Аталған азамат Аягөз ауданында дүниеге келген. Ата-әжесінің қолында тәрбиеленген ер адам 8 сыныпты бітіріп, Семей қаласына көшіп келген. Құжаттардың жоқтығы салдарынан не ресми түрде жұмысқа орналасып, не некеге тұра алмады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көші-қон қызметінің мамандары Қазақстан Республикасының азаматтығын растау және жеке куәлікті ресімдеу үшін барлық қажетті құжаттарды жинауға көмектесті. Сондай-ақ оған туу туралы куәлікті қалпына келтіруге жәрдем көрсетілді. Қазіргі уақытта ер адам көптен күткен құжатты алды.


Соңғы жаңалықтар