ШҚО тұрғыны отқа оранған пәтерден екі баланы аман алып шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны отқа оранған пәтерден 8 және 2 жастағы екі баланы алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шүлбі кентіндегі 5 қабатты тұрғын үйден өрт шыққан.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Сол кезде тілсіз жау бірінші қабатта орналасқан пәтердегі жиһаз бен жеке заттарды шарпып жатты.

«Үш иінді баспалдақтың көмегімен екінші қабаттағы 2 әйел құтқарылды. Сондай-ақ подъезден 15 тұрғын, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар келгенге дейін 1982 жылғы азамат Федор Горячкин жанып жатқан пәтерден 8 және 2 жасар екі баланы құтқарып үлгерген» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көп ұзамай жалпы ауданы 16 шаршы метрге жеткен қызыл жалын ауыздықталды.

Өртті сөндіруге 13 адам мен 3 техника жұмылдырылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болған.


Соңғы жаңалықтар