+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

ШҚО тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

2021 жылғы 20 қыркүйек 14:03
Бөлісіңіз:
ШҚО тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 56 жастағы ер адам үйде қолдан қару жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-дағы 18 мыңнан астам жер үйде өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған Шығыс Қазақстанда биыл 143 көлік өртенді Жүкті әйелді өлтіргені үшін 20 жылға сотталды - Павлодар облысы

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке іліккен азаматтың үйінде тінту жүргізді.

Соның нәтижесінде, 56 жастағы ер адамның үйінен 100-ден астам оқ-дәрі мен 6 түрлі қару тәркіленді. Оның ішінде 5,6 мм калибрлі патронмен ататын қолдан жасалған тапанша мен мылтық, 28 және 12 мм калибрлі ТОЗ-34 маркалы тіркелмеген мылтықтар бар.

«Ер адамның айтуынша, ол тәркіленген қарудың бірнешеуін үйде қолдан жасаған. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 287 және 288-баптары (қаруды заңсыз сақтау және дайындау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT