ШҚО жолдары қашаннан бастап ақылы болады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚХР шекарасынан РФ шекарасына дейін Қазақстанның шығысы арқылы өтетін М-38 жолының барлығы дерлік биыл ақылы болады. Бұл жайында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері ШҚО-дағы қоғамдық тыңдау барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұзындығы 464 шақырым болатын М-38 тас жолының Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі биыл ақылы болады.

Павлодар облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 8 бақылау аркасы орнатылып, тест режимінде іске қосылды.

ШҚО-дағы ақылы учаске Семей мен Шар қалалары, сондай-ақ Аққулы, Бесқарағай және Жарма аудандары арқылы өтетін жолда болады.

Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» Павлодар – Омбы жолы да ақылы болатынын хабарлаған еді.

Ақы алудың ашық жүйесі М-38 автожолының барлық учаскесіне енгізіледі.

Қытай Халық Республикасы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі жол тегін болып қала береді.

Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі ІІ техникалық санаттағы жолға жатады. Яғни, жүк көліктері үшін ғана ақылы болады.

Жалпы, ШҚО халқы аймақ жолдарына ақылы жүйені енгізуді қолдады.

Бірақ, тұрғындар қызметтер мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті жүк көліктеріне, фермерлер мен коммуналдық қызмет техникасына жеңілдік қарастыруды сұрады.

Сондай-ақ, ШҚО тұрғындары Павлодар – Семей – Қалбатау жолын 4 қозғалыс жолағына дейін кеңейтуді, бөлу жолақтары мен мал өте алмайтын қоршау орнатуды талап етті.



Соңғы жаңалықтар