+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

ШОБ арасындағы байланыстарды кеңейту үшін Қырғызстанға Қазақстаннан делегация барады

2021 жылғы 2 наурыз 14:33
Бөлісіңіз:
ШОБ арасындағы байланыстарды кеңейту үшін Қырғызстанға Қазақстаннан делегация барады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 2-3 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасында мемлекеттік сапармен болды.

Ұқсас жаңалықтар
Қырғызстандағы референдум: 79 пайыз қырғызстандық президенттік басқаруға көшуді қолдады Қырғызстанда жергілікті кенештерге сайлау және Конституция бойынша референдум басталды Қырғызстанда 27 жастағы қыздың өлімі: Милицияның 43 қызметкері жауапқа тартылды

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қырғызстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі және көш бастаушы инвесторларының қатарына кіретінін жеткізді.

– Біз соңғы 15 жылда бұл елге 1 миллиард доллардан астам қаржы құйдық. Қазақ инвесторлары қырғыз экономикасының маңызды салаларын өркендетуге, әлеуметтік ахуалын жақсартуға қомақты үлес қосып келеді. Атап айтқанда жаңа жұмыс орындарын ашып, өндіріс секторы мен қаржы нарығын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Осы орайда біз өзара инвестицияларды қолдауға және қорғауға келістік, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы сауда кедергілерін азайту, екі елдің кеден және салық органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, олардың жұмысына цифрлық технология енгізу жөнінде келісім жасалғанын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің экспорттық әлеуетін нығайтып, шағын және орта бизнес арасындағы байланыстарды кеңейту үшін жақын арада Қазақстан делегациясы Қырғызстанға арнайы сапармен баратынын атап өтті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT