+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Шоқпар стансасында 2 вагонның рельстен шығып, өртенуіне қатысты комиссия құрылды

2020 жылғы 30 маусым 12:04
Бөлісіңіз:
Шоқпар стансасында 2 вагонның рельстен шығып, өртенуіне қатысты комиссия құрылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Шоқпар стансасындағы рельстен шығып, аударылған, сосын өртенген цистернаға қатысты арнайы комисся құрылды. Бұл жөнінде «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Ұқсас жаңалықтар
Бакудегі ірі өрт: бояу шығаратын фабрика жанып кетті Қызылорда облысында жанармай сақтайтын қойма өртенді Көкшетауда 79 жастағы қария өрттен құтқарылды

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Шоқпар стансасында 45 км/сағ жылдамдықпен 2-ші жолға келген жүк пойызының 2 вагон-цистернасы жолдан шығып кеткен болатын. Цистернаның меншік иесі - «HOLDING» ЖШС. Содан кейін цистернадан аққан бензиннен өрт шыққан.

«Габарит бар. Бензиннің жануына байланысты пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 6 жолаушы пойызы жолдан қалды. 03.40 минутта өрт сөнді» делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, апаттың шығу себебі - цистернаның доңғалақ жұбы осінің ортаңғы бөлігінің сынып кетуі.

Оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT