Шоқыну мейрамында 5 мыңнан астам адам суға шомылды - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Шоқыну мейрамында 5 мыңнан астам адам суға шомылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шоқыну түнінде суға шомылғандардың дені – өскемендіктер (2 мыңнан астам адам).

Ал Семейде – 507, Риддерде – 338 адам, Алтай ауданында – 476 адам шомылған.

«Карантин мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталды. Құтқарушылар, полицейлер жәге Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері сол жерлерде бақылау жүргізді. Ешқандай жазатайым оқиға тіркелген жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін учаскелерге 150-ден астам құтқарушы, 45 медицина қызметкері, 113 полицей мен 73 техника жұмылдырылған.



Соңғы жаңалықтар