Шулыған шыңы туралы аңыз зерттеуді қажет етеді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Құланды түбегінде табиғаттың өзі қолмен қашап жасаған құндылықтар аз емес. Бұл аумақты жергілікті жұртшылық Изенді деп атайды. Халық көзінен тасада жатқан аймақ болғандықтан бұл аумақты алыстағы ағайын түгілі осы аумақтағы көпшіліктің өзі аз біледі. Изенді аймағы жөніндегі деректерді ҚазАқпарат тілшісі таразылап көрген еді.

Изенді атауын иеленген аумақ аудан орталығы - Арал қаласынан 200 шақырымдай жерде орын тепкен. Ол Құланды түбегінің Барсакелмес аралына барынша жақын жерде орналасқан таспен көмкерілген аумағы болып табылады.

«Аталмыш аумақта Шулыған деген шың көзге түседі. Оны алыстан қараған адам мұздай киінген сарбазды көз алдына елестете түседі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кезінде осы аумақта Төбебұлақ деген ауыл болған көрінеді», - деді облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Серікбай Қосан.

Арал теңізінің табаны тартылмай тұрған тұста бұл аумақ базарлы мекеннің бірі болған деседі. Изенді аймағын көршілес Қарақалпақ еліндегі Мойнақ, Үшсай, Қоңырат, Нүкіс, Ақтөбе облысының Шалқар жеріндегі жұртшылық жақсы білген екен. Құймақұлақ қарттардың айтуынша, мұнда екі ай бойы шөмейке деген балық көзге көбірек түседі. Теңіздің аталмыш аумағы тұсындағы тастақ жерлерде уылдырық шашады екен. Негізінде Изенді мен Шулыған аймақтары өзгеше бөлек тасты болып келеді. Мұнда семіз шөмейке балығы көзге түседі. Олардың молдығы да байқалады. Осы аумақтаы судың мөлдірлігі де ерекше болған. Оның астындағы балықтар мөлдір судан көзге анық көрінеді. Ондағы балықтар екі-үш метр биіктікке секірген уақытта теңіздің үсті бу мен балықтан көрінбей қалады. Сол сәтте айнала бу мен балықтан көрінбей қалатын деседі. Оны жергілікті ел-жұрт балық бұлты деп атаған.

«Сол аумақта Үйтас аумағы деп аталатын жер бар. Десе де ол жайында деректердің жоқтың қасы деуге негіз бар. Бұл аумақ қашан пайда болған? Зерттеушілер әзірге бұл жөнінде мардымды деректер қалдыра қоймаған. Аталмыш жазықтықта тастардың көрінісіне байланысты Үйтас деп аталған. Тастар дөңгеленіп, төңкеріліп жатыр. Сырттай қараған адам оны киіз үйге елестете түседі. Табиғаттың өзі шебер дегенге лажың жоқ», - деді жергілікті тұрғын Амангүл Абуева.

Көнекөз қариялар Шулыған шыңы теңіз ортасында еңсе тіктеп тұрғанын айтады. Кейбір зерттеушілер Арал теңізінің тарих беттерінде бірнеше тартылғанын айтады. Шулыған шыңы сол жағдайлардың кугері саналады. Шулыған шыңы атауының шығу себебі неде? Оның түп-төркіні шулаған деген сөзден шыққан. Бұл маң құстардың мекені болған. Шулаған құстар дауысына байланысты солай аталған дейді. Кейін Шулыған деген өзгеріске түскен.

Ерте заманда сол шыңнан жігіт пен қыз төменге құлаған деседі. Жергілікті тұрғындар қыздың дауысы әлі де естіліп тұрады деген әңгіме айтады.

Аңызға сүйенсек, бұл аумақта украин халқының атақты ақыны Тарас Шевченко жер аударылып келген дейді. Осы маңда ертеректе балаларға арналған лагерь де болған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар