Швейцария Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Швейцария Президенті Ули Маурердің Қазақстанға жоспарланған ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21-22 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстан Республикасына Швейцария Конфедерациясының Президенті – Қаржы министрі Ули Маурер ресми сапармен келеді. Швейцариялық делегацияның құрамында бизнес өкілдері де болады.

22 қарашада мемлекеттер басшылары «Ақорда» резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланады», - деп жазды Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сапар аясында Ули Маурер Қазақстан Үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен өтетін «дөңгелек үстелде» сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар