Швейцарияда Альпі тауларында домбыра тартылып, қазақ күйлері әуеледі

None
None
АЛЬПІ. ҚазАқпарат - Швейцариялық Альпінің Меггенхорн деген жерінде Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі «Birlik» Қазақстан-Швейцария бірлестігі мен ҚазАльянстың қатысуымен домбырашылардың музыкалық қойылымын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараның ашылуында, Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Әлібек Бақаев арнайы сөз сөйледі.

«Мәдениет - халықтар арасындағы ең сенімді көпір, ол елдерді бір-біріне жақын және түсінікті етеді. Өздеріңіз білетіндей, қазақтың рухы - домбыраның үнінде, ал швейцарлықтардың жаны Альпі сұлулығынан нәр алады. Бүгін біз осы ерекше мәдени симбиоздың куәсі болдық», - деп атап өтті.

Іс-шара Меггенхорнның көптеген қонақтарының назарына ілініп, олар домбырашылардың Балбырауын, Секіртпе, Әлқисса, Ақсақ киік, Жекпе-жек, Көңіл толқыны, Еркесылқым және Адай күйлеріне таңданып, бейнекамераға түсіріп, аспаптар мен ұлттық киімдерге қызығушылығын жасырмады.

Іс-шараға Швейцария бизнесмендері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері және елшіліктің достары қатысты.


Соңғы жаңалықтар