+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстан облысында 1 қарашадан бастап блокпостар қойылады

2020 жылғы 29 қазан 15:13
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстан облысында 1 қарашадан бастап блокпостар қойылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1 қарашадан бастап блокпост қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаевтың айтуынша, бір тәулік ішінде өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 139 жағдайы тіркелді. Осылайша 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден асып, 683,6 құрап отыр.

«Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептері – тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеу шараларын сақтамауы, сондай-ақ көршілес елдерден келетін жолаушылар мен тауар тасымалының көптігі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, 1 қарашадан бастап аймақ шекарасына блок-бекеттер қойылады. Өңір басшылығы күшейтілген карантин кезінде облыс халқының қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдайды», - деді Талғат Тұңғышбаев.

Оның айтуынша, алдағы уақытта кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚКО-лар жұмыс істей береді.

«Біз бизнесті енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан барынша қорғауға тырысамыз. Жаңа қаулы жақын арада жарияланады», - деді департамент басшысының міндетін атқарушы.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да 28 қазаннан бастап бірқатар шектеулер енгізілгені хабарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT