Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 16 тамызға дейін ұзартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 16 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 16 тамызға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Ashyq жобасына қатысатын нысандар үшін бірқатар жеңілдік енгізілген. Нақты айтқанда, сауда үйлері жұмыс күндері шектеусіз жұмыс істесе, сенбі және жексенбіде сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін ашық болады. Қоғамдық тамақтану объектілеріне жаппай отбасылық, салтанатты (банкет, үйлену тойы, мерейтой) және басқа да іс-шараларды өткізбей және толтырылуын 50%-дан асырмай, 50 адамға дейін сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген», - делінген құжатта.

Сондай-ақ спорт кешендері, жаттығу залдары, бассейн, йога және СПА орталықтарының жұмыс істеуіне болады. Тек спорт кешендері мен спорт-сауықтыру орталықтары 30 адамға дейін, екі компонентпен вакцинацияланған адамдарды қабылдайды.

«Қалааралық, облысаралық, облысішілік тұрақты автобус қозғалысына рұқсат берілген. Қалалар мен елді мекендер ішіндегі қоғамдық көліктер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, барлық күндері қатынайды. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік таңертең сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін, кешке сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін желіге шығатын көлік санын арттыра отырып жұмыс істейді. Сонымен қатар балалар сауықтыру лагерьлеріне жалпы толтырылуын 50%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етілген», - делінген қаулыда.


Соңғы жаңалықтар