Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының ауданында қалалық ауқымдағы ТЖ жариялайды», -дедп жауап берді Талғат Уәли журналистердің сауалына.

Ол сондай-ақ Риддерде өрт толығымен ауыздықталғанын хабарлады.

«Қазір орманның жекелеген учаскелерін сөндіру жүріп жатыр. Кешке қарай мамандар барлық жұмылдырылған күштің көмегімен өртті толығымен сөндіреді», - деді министрліктің ресми өкілі.

Еске салсақ, кеше Риддерде ауқымды өрт болып салдарынан екі адам ауруханаға түсіп, 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Соңғы дерек бойынша 283 гектар аумақ отқа оранған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Риддердегі тұрғын үйлерді қамтыған ірі орман өртіне назар аударып, жауапты орындарға зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсету туралы т апсырма берді .


Соңғы жаңалықтар