Шығыс Қазақстан облысында жабық жолдар ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдағы шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» ЖШС ШҚО филиалы ақпаратына сай, 8 желтоқсан күні сағат 08:00-де республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымында (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының аралығы), «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында (Белоусовка ауылы мен Риддер аралығы), «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 15-123 шақырымында (Глубокое ауданы мен Шемонаиха ауданының арасы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер қозғалысына енгізілген шектеулер алынды», - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы хабарламасында.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсан күні ауа райының құбылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысының бірқатар тасжолында көлік қозғалысы шектелген болатын.


Соңғы жаңалықтар