+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда «102» мобильді қосымшасы іске қосылды

2021 жылғы 14 ақпан 18:55
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда «102» мобильді қосымшасы іске қосылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «102» мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да өзендердің бірінде тағы да балық қырылды Өскемен автобустарында электронды билеттеу жүйесі мамырда іске қосылады Петропавлда ойын-сауық орындарында түнде жүрген 15 жасөспірім анықталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір тұрғындары қандай да бір құқық бұзушылық туралы өз арыздары мен хабарламаларын қас-қағым сәтте смартфон арқылы жолдай алады.

«Департамент бөлімшелерінде азаматтардың өтініштерін қабылауға арналған 40 жұмыс орны әзірленді. Аталған бағдарламаны орнату өте оңай: Android жүйесіндегі смартфондар үшін «Play Mapкет» және IOS жүйесіндегі смартфондар үшін «App Store» қосымшасы арқылы жүктеуге болады. Содан кейін экранның жұмыс панелінде «102» белгісі пайда болады. Пайдаланушы өз атымен тіркеліп, электронды поштасы мен телефон нөмірін енгізеді. Оператормен байланысқа шыққанда автоматты түрде геолакция қосылып, өтініш берушінің деректері шығады. Бұл уақытты барынша үнемдейді», - делінген хабарламада.

«Police 102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлама жазып, оқиға орнында түсірілген фотосуреттер мен бейне түсірілімдерді жіберуге болады. Сондай-ақ бейне немесе аудиоқоңырау шалу мүмкіндігі де бар. ⠀

«Аталмыш қосымша пилоттық режимде сынақтан өткен. Екі апта ішінде полицияға «102» мобильді қосымшасы арқылы 7 өтініш келіп түсті. Оның басым бөлігі жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарға қатысты. Жаңа сервисте азаматтар полицияға тәулік бойы хабарласа алады», - делінген мәліметте.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT