Шығыс Қазақстанда 40 үйдің ауласын су басты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биылғы көктем шыққалы бері 40 үйдің ауласын су басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қанат Әбділов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында өзендерде судың көтерілгенін айтты. Алайда қауіпті деңгейден аспаған.

«Бүгінде өңірдің қар жамылған аумағы 19% құрайды. Глубокое, Шемонаиха және Катонқарағай аудандарында қар жамылғысының биіктігі 15 см-ден аспайды. Құтқарушылар 9 рет аэровизуалды тексеру жүргізді. 20 наурыздан бастап облыста су тасқынына қарсы жедел штаб жұмыс істеуде. Өңір аумағында жоғары дайындық режимі енгізіліп, 2412 техника, 377 мотопомпа және 106 эвакуациялық пункт дайындалды», - деді ол.

Қазіргі уақытта Алтай және Көкпекті аудандарында ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күштері мен құралдары су тасқынына қарсы іс-шараларды жалғастыруда. 7700 метр арықтар мен су бұру каналдары, 24 су өткізу нысандары, қарттар мен жалғызбасты жандардың 31 үйінің ауласы қардан тазартылған. Сондай-ақ 3220 дана ыдыс-қап төселіп, ұзындығы 101 метр мұз кесілді.

Наурыз айынан бастап Бородулиха ауданының Орловка ауылында 1 тұрғын үйді және Новопокровка, Орловка ауылдары мен Риддер қаласында 46 тұрғын үйдің ауласын су басты. Сол жерлерден барлығы 201 974 текше метр су сорылып, инертті материалдары бар 10485 данадан астам ыдыс-қап төселді.


Соңғы жаңалықтар