Шығыс Қазақстанда 65 жастағы балықшы суға батып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 65 жастағы балықшы суға батқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданында қауіпсіздік шараларын сақтамаған балықшы суға батып кетті.

«Қайғылы оқиға аудандағы балықшылардың сүйікті орнына айналған Алебастр су қоймасында болған. 1956 жылғы ер адам суға батты. Белгілі болғандай, ол досымен бірге құтқару кеудешесін киместен қайыққа отырып, балық аулауға кеткен», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жағадан 200 метрге ұзап кеткен балықшы қайықта тұра алмай суға құлады. Куәгерлер көмекке ұмтылғанымен оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына балық аулауға барғанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар