Шығыс Қазақстанда бірқатар жол бөліктері жабылды

None
None
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Күннің бұзылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысының бірқатар бөлігінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

1 наурыз, сағат 04.50-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен-Алтай-Қатон-Қарағай-Рахман шоқысы» автожолының 7-166 шақырымында, Ушановское ауылы -Алтай қаласы аумағында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Сағат 5.00-ден бастап боран тұрып, жол көрінісі қиындағандықтан «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 36-102 шақырымында, Предгорное ауылы-Шемонаиха қаласы аумағы мен «Өскемен-Риддер- РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында, Белоусовка ауылы-Риддер қаласы аумағында жүк көлігі мен қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды.

Сағат 07.20-дан бастап «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 36-102 шақырымында, Предгорное ауылы-Шемонаиха қаласы мен «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымы, Белоусовка ауылы-Риддер қаласы аумағында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.


Соңғы жаңалықтар