Шығыс Қазақстанда дала өрті 20 гектар аумақты шарпыды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 20 гектар дала өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күн суытып, қар аралас жаңбыр жауса да, Зайсан ауданында шөп өртенген.

«9 сәуір күні сағат 19.00 шамасында түтінді байқаған ауыл тұрғындары өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Сол жаққа қарай бірден 7 өрт сөндіруші мен жергілікті атқарушы органнан 5 адам аттанды. Қатты желдің салдарынан олар келіп жеткенше тілсіз жау 20 гектар далаға тараған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қызыл жалынның шығу себебі – отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін. Осы ретте ТЖД өкілдері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және өрт шыққан жағдайда бірден «101» немесе «112» нөмірлеріне дереу хабарлауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар