Шығыс Қазақстанда ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында бас мемлекеттік санитар дәрігер қаулысы негізінде 27 маусымнан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжат қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жүргізіледі. Кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы алдын ала брондау керек.

Айта кету керек, мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамы электронды форматта қолжетімді.

Мемлекеттік қызметтерді egov.kz электронды порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы және Телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуға болады.

ХҚО-ның жұмыс кестесі: Дүйсенбі-сенбі аралығы 9.00-ден 17.00-ге дейін.


Соңғы жаңалықтар