Шығыс Қазақстанда карантин шаралары 8 желтоқсанға дейін ұзартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 8 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің «облыс тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясының алдын алу бойынша шектеу шараларын күшейту туралы» 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Құжатта жазылғандай, өңір бойынша карантин 8 желтоқсанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

«Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда, ғимараттан тыс жерде азық-түлік сататын орындардың аптаның барлық күнінде сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал азық-түліктен басқа тауар сататын сауда нысандары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-18.00 аралығында ашық болады. Олардың демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған», - делінген қаулыда.


Соңғы жаңалықтар