Шығыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен коронавирусқа байланысты ахуал бойынша кезекті кеңес өткізді.

Әкімнің айтуынша, көрші елдерде науқастардың саны артып, өлім-жітім деңгейі өскен. Алайда облыста қауіпті дертке шалдыққандар саны күн сайын азайып келеді.

«Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстанда вирус жұқтырған тұрғындар саны жүзден аз болды. Бұл індетке қарсы күресте бар күш-жігерін салып жатқан дәрігерлер мен жауапты мамандар жұмысының арқасы. Егер жағдай осы қалыптан таймай, ары қарай реттелсе, өңір «жасыл аймаққа» өтуі мүмкін», - деді ол.

Өз сөзінде Даниал Ахметов вакцинаның коронавирустан құтылудың жалғыз тиімді жолы екендігін еске салып, қала, аудандарда осы бағытта жұмысты күшейту керектігін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар