Шығыс Қазақстанда күшті жел спорт мектебінің шатырын ұшырып әкетті

None
None
БОРОДУЛИХА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанда дауыл тұрып, балалар спорт мектебінің шатыры қирады. Екі автокөлік бүлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бородулиха ауданы төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап.

Мекеменің хабарлауынша, бүгін, 13 шілде күні 14.00-де Бородулиха ауылында қатты жел тұрып, «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ғимаратының 468 шаршы метрлік шатырын қиратқан.

«Шатырдың құлауы салдарынан екі автокөлікке залал келді. Зардап шеккендер жоқ, шығын көлемі есептеліп жатыр», - деп түсіндірді ТЖБ.

ТЖ бөліміндегілердің айтуынша, желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жеткен.



Соңғы жаңалықтар