Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары қаңтардың аяғына дейін ұзартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда жазылғандай, өңір бойынша карантиндік шектеулер 31 қаңтарға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

«Санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар, жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернат қайта ашылады. Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау жалғасады», - делінген құжатта.

Сондай-ақ білім беру мекемелерінде қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына рұқсат берілді. Бірақ ондағы келушілер саны 30 пайыздан аспауы тиіс.


Соңғы жаңалықтар