Шығыс Қазақстанда шектеу талабын бұзудың 14 фактісі тіркелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулерін сақтамайтындар әлі де анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

«9 маусым күні Өскемен қаласында 166 нысан тексерілді. Облыстың Бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу шараларын бұзудың 4 фактісі тіркелді. Ал Семейде 245 объектіге тексеру жүргізіліп, маска режимін сақтамаған 8 адам анықталды. 87 510 теңге көлемінде 2 хаттама толтырылды», - делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Алтай ауданында рейд барысында 36 объекті қамтылып, карантин талабын бұзған 1 адам тіркелді. Бұдан бөлек, Глубокое ауданында қоғамдық орында маска тақпай жүрген азаматқа 43 755 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.


Соңғы жаңалықтар