Шымбұлақта құтқару бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Шымбұлақ тау-шаңғы курортында жыл сайын құтқару операциялары бойынша оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі профилактикалық жұмыстардың соңғы күнінде «Медеу-Шымбұлақ» гондольді жолдағы арқанды жолдың кабиналарынан адамдарды тік эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізілді.

Құтқару қызметінің мәліметіне сәйкес, егер кабина 5 минут қозғалыссыз тұрып қалса, онда кабина ішіндегі адамдар тоқтау туралы, сондай-ақ, құтқару эвакуациясын жүргізу қажеттілігі туралы дыбыстық хабарламаны естиді. Бұл туралы әр жолаушылар кабинасында орнатылған динамиктерден естуге болады.

Әрбір кабинада терезелер бар. Сол арқылы кабинадағы адамдар оттегімен терең дем ала алады.

Егер арқанды жол 10 минутта қозғалмаса, онда авариялық қозғалтқыш іске қосылып, жолаушылар кабиналарының қозғалысына әкеледі.

Егер авариялық қозғалтқышпен де қозғалыс болмаса, онда тік эвакуациялау үшін құтқару операциясы ұйымдастырылып, көмекке құтқарушылардың өздері келеді.


Соңғы жаңалықтар