Шымкент әуежайында коронавирусқа қарсы арнайы қызметтердің іс-қимылы пысықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент әуежайында коронавирусқа қарсы командалық-штабтық жаттығу өткізіліп, арнайы қызметтердің іс-қимылы пысықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Команда-штаб оқу-жаттығуы барысында әуе кемесіндегі барлық элементтер пысықталды. Насқасты қабылдау, тасымалдау, тексеру және одан әрі іс-қимылдар қайталанды», делінген хабарламада.

Іс-шара коронавирус инфекциясының алдын алу және болдырмау мақсатында, сондай-ақ «Шымкент әуежайы» АҚ медициналық қызметінің және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге жауапты басқа да ұйымдар мен ведомстволардың дайындығын бағалау үшін өткізілді.

Оған Шымкент әуежайының барлық мамандандырылған күштері, Шымкент қалалық ТЖД (Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы, жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі), Көліктегі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті және аса қауіпті инфекцияға қарсы жедел әрекет ету жоспарында жұмылдырылатын мемлекеттік органдар қатысты.

Оқу-жаттығу бойынша әуе кемесінің бортында «жаңа вирусты жұқтырған» күдіктілер болды. Бақылау департаментінің мамандары оларды қарсы алып, тексергеннен кейін, арнайы бокстарға тасымалдады. Мамандардың бір тобы әуе кемеде дазактивациялау жұмысын жүргізді.

Апаттар медицина орталығы бригадасының психолог-мамандары әуе кемесінің жолаушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқу-жаттығуға жеке құрамның 20 қызметшісі мен 8 техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар