Шымкент дәрігерлері қолының сүйегі үгітіліп кеткен жігітке күрделі ота жасады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 25 жастағы жігіттің қолын жұмыс кезінде бетон аралыстырғыш қысып қалған. Қолының сүйегі үгітіліп кеткен науқасқа дәрігерлер күрделі ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оң қолының сүйектері майдаланып кеткен науқасты ауыр халде жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізген. Медицина мамандары жас жігіттің өмірін аман алып қалу үшін шұғыл түрде ота жасап, қолының майдаланған сүйектерін жинап берген. Бірінші кезеңдегі операцияда хирургтар жігіттің қолындағы тамырларын тігіп, сүйектерін қайта қалпына келтірген.

Араға бір ай салып, гипербариялық оксигенация орталығының хирургы Мұхит Досыбаевтың жетекшілігімен науқасқа екінші кезеңді күрделі ота жасалған. Нақтырақ айтқанда, дененің басқа жерінен тері алынып, қолына жапсыруға тура келген.

Дәрігердің айтуынша, тері жүз пайыз жабысқан. Дәрігерлер науқастың қазіргі жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда. Жас жігіт бүгінде оң қолын қалпына келтірген дәрігерге ризашылығын білдіруде.


Соңғы жаңалықтар