Шымкент энциклопедиясы жазылып жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы туралы энциклопедия жазылып жатыр, -деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда Шымкент қаласының көне замандардан бастап бүгінге дейінгі тарихы, Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері мен қала көлемінде іске асқан өзгерістер көпшілікке таныстырылады.

Бүгін Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында аталған шараға орай арнайы кеңес өтті. Онда Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов, ОҚМУ ректоры Г.Сүгірбаева, жазушы М.Байғұт, энциклопедияны құрастырушы редактор, жазушы М.Әбдәкімұлы және өзге де зиялы қауым өкілдері ойларын ортаға салды.

М. Әбдәкімұлының айтуынша, энциклопедия қала тарихынан басталатынын, тарихты кезең-кезеңімен берген соң, өзге мәліметтер әліпби ретімен ұсынылатынын жеткізді.


Фото: ortcom.kz
Соңғы жаңалықтар